«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қорытындылары туралы

«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының қорытындылары туралы

«ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің және Атырау облысы Білім беру басқармасы Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта 4-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өтті.

Олимпиада мектеп оқушыларының жоғарғы деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Олимпиаданың қорытындылары бойынша 4-ші орын алған 15 оқушыға «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің Грамотасы мен сыйлыққа кітаптар берілді. 3-ші орын алған 13 оқушыға - 5000 теңге, 2-ші орынның 8 иегер оқушыларына - 10 000 теңге, 1-ші орын алған 3 оқушы 20 000 теңге көлеміндегі сертификат пен сәйкесті деңгейдегі дипломдар табысталды.

Сонымен бірге «Алтын сақа» математикалық олимпиадасына белсенді қатысып, оқушылары орта балдан жоғары жинаған мектептердің рейтингісі шығарылды.

Атырау қаласының №30 мектеп-гимназиясы, Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейі,  №35 мектеп-гимназиясы және Құрманғазы ауданының Шортанбай жалпы орта мектебі - 3-орында, Атырау қаласы №20 мектеп-лицей мен №13 Д.Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназия - 2-орында, №17 мектеп-лицей мен И.Тайманов атындағы орта мектеп 1-орынды иеленді. Ал Бас жүлдені Атырау қаласының Еркінқала орта мектебі жеңіп алды.