Жас өнертапқыштың жаңалығы

Жас өнертапқыштың жаңалығы

Индер ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы​ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Қажымұқан Мұқатов суды және минералды тыңайтқыштарды үнемдеуге мүмкіндік беретін тамшылата суару қондырғысын ойлап тапты.

«Жаңалық» суару кезінде суды, тыңайтқыштарды үнемдеуге қолайлы. Тамшылата​ суару, сондай-ақ ағыстық суару​ кезінде қондырғы судың өсімдік тамырына тікелей баруына мүмкіндік жасайды. Мұндай үнемқондырғы қақпақшаларының торы,​ құбырлар, түтіктер көмегімен суды баяу тамшылату нәтижесінде мүмкін болып отыр.  Тамшылатып суару әдісі – суды және өсімдіктерді зиян кестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды тамырға тікелей әрі біркелкі жеткізу үшін қолданылатын өндірістік әдіс.

Өнертапқыш оқушы Индер аудандық білім бөлімі Оқушылар шығармашылық орталығының «Шебер» үйірмесіне 2017 жылдан бері қатысып келеді.​ Қажымұқан аудандық, облыстық сайыстарда бақ сынап, түрлі жүлдеге ие болып жүр.

Үйірме жетекшісі - Өтепқали Нәсіпқали.