Облыстың білім беру саласында 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған «OTANLife» жобасы іске асырылуда

Облыстың білім беру саласында 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған  «OTANLife» жобасы іске асырылуда

 

2021 жылы Атырау облысының білім беру ұйымдарында іске асатын жоба - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған  «OTANLife» жобасы.

Мақсаты – өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді құрметтеу және сақтау сезімдерін қалыптастыру.  

Жобаға қатысушылар: барлық білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары, колледж студенттері, педагогтар, ата-аналар.

Жобаның толыққанды іске асу үшін жауапты комиссия құрамы тағайындалуы шарт: жоба жетекшісі, ата-аналар қоғамдық кеңесі, Аналар мектебі, Әкелер қоғамдық кеңесі, ұлдар, қыздар ұйымы, «Адал ұрпақ»,  әскери-патриоттық, еріктілер клубтары, «Жас Ұлан» ББЖҰ, «Мектеп инспекторының жас көмекшілері» ұйымы, т.б. мүдделі ұйымдар мен тұлғалар. 

Іс-шаралар түрлері: онлайн-дәрістер, сынып сағаттары, дебаттар, кітаптар бейнеблогы, мұражайларға саяхат, жас ғалымдармен кездесу, сурет шеберханасы, жас айтыскер сайысы, ерекше білімге қажеттілігі бар балалар арналған іс-шаралар, әскери-патриоттық клубтар арасында сайыстар, оқушылар арасында эссе конкурсы, т.б.