
ІІ Халықаралық «Ұлы дала рухы» фестиваль-байқауында Мақат балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері шығармашылық қабілеттерін табысты көрсетті: «Күйсандық» мамандығының оқушылары Аянат Қайратқызы «Бас жүлдеге» ие болса, Нұрдаулет Бейбіт пен Айғаным Дулатқызы жүлделі І орын жеңімпаз атанды. Жанай Аяулым мен «Қобыз-прима» үйірмесінің оқушысыОрынғали Нұрайекінші орынға ие болды.
«Домбыра-тенор» оқушылары Хайруллин Ахмет пен Бағытжанұлы Таңнұр Бас жүлдені жеңіп алса, Сағын Інкәр, Демеу Гүлзар, Темірбекұлы Мәди мен Жолдасқали Жанель жүлделі І орынға ие болды.
Екінші жүлделі орынға ие болғандар да саны аз емес Абайқызы Алина, Алдаберген Әбілмансур,Сергей Мәди, Асылбек Сәруар, Қайырбекқызы Інжу, Ерғали Фатима, Жайлыбай Нұрпейіл, Арсен Карим.
Жас лауреаттарды дайындаған А.Ильясов, Р.Түсіпқалиева, Г.Омарова, С.Айдарғалиева ұйымдастырушылардың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.