Каспий Құбыр Консорциумының әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында мектеп автобустарын жеткізу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

 Каспий Құбыр Консорциумының әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында мектеп автобустарын жеткізу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Атырау облысы Білім беру басқармасы Каспий Құбыр Консорциумының (КҚК) әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Атырау облысының білім беру ұйымдары үшін 7 мектеп автобусын жеткізу бойынша коммерциялық ұсыныстар мен өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Осы бағыттағы жұмыстарды орындау тәжірибесі, қажетті материалдық-техникалық базасы және қолданыстағы рұқсат құжаттары бар әлеуетті өнім берушілер қатысуға шақырылады.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

• еркін нысандағы өтінім;

• заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

• қажетті лицензиялар мен рұқсат құжаттарының көшірмелері (қажет болған жағдайда);

• осыған ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесі туралы мәлімет;

• коммерциялық ұсыныс;

• жеткізу мерзімі туралы ақпарат.

Өтінімдерді қабылдау мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Айтеке би 77. Байланыс ақпараты: Атырау облысы Білім беру басқармасы. Қаржы бөлімі.