Балалар ойын алаңдарын салу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Балалар ойын алаңдарын салу бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

 

"Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлімге қарасты 9 мектепке дейінгі ұйымның аумағына балалар ойын алаңдарын салу жұмыстары бойынша әлеуетті өнім берушілерден (мердігер ұйымдардан) өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.

Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау мерзімі:
Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні.

Қатысуға шақырылады:
Балалар ойын алаңдарын орнату және абаттандыру жұмыстарын орындау тәжірибесі бар, қажетті материалдық-техникалық базамен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етілген мердігер ұйымдар.

Ұсынылатын құжаттар тізімі:

  • еркін нысандағы өтінім;
  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу құжаттарының көшірмелері;
  • лицензияның немесе рұқсат беру құжаттарының көшірмелері (қажет болған жағдайда);
  • осыған ұқсас жұмыстарды орындау тәжірибесі туралы мәліметтер;
  • алдын ала коммерциялық ұсыныс.

Коммерциялық ұсыныстарды қабылдау мекенжайы:
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 65А.

Байланыс ақпараты:
Ш. Қалиева – Атырау қалалық білім бөлімінің қызметкері.
Телефон: +7 (706) 712-05-96
Электрондық пошта: goroo.buh@mail.ru