«Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті

«Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде«Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтті.

Бұл бастама жалпыұлттық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып, елімізде заманауи экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Акцияның басты мақсаты – түлектерді қоршаған ортаны қорғауға тарту, табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Еліміздің әр өңірінде бір мезгілде басталған челленджге ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ж. Шарабасов және 9-11 сыныптардың 100 мыңнан астам оқушысы қатысты.

Атырау облысы Білім беру басқармасының бас маманы Қ.Сапаровтың мәліметінше, биыл облыс мектептерін 8067 түлек тәмамдайды. Челлендж аясында өңірде 3 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Табиғатты аялау ортақ міндет екенін түсіншген түлектер білім ордаларының аумақтарында, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерде ағаш егіп, елді мекендерді көгалдандыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлестерін қосты.