
Атырау облысында дарынды жастарды қолдау, олардың ғылыми-зерттеу және өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Инновациялық идеялар» әлеуметтік жобалар байқауы өз мәресіне жетті.
Таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастыруымен өткен байқауға өңірдің барлық аудан, қалаларынан 100-ден астам жоба ұсынылып, 120-ға жуық қатысушы бақ сынады. Іріктеу кезеңінен өткен 45 жоба финалдық кезеңде қорғалып, үздіктер анықталды. Қорытынды кезең Абай атындағы оқушылар орталығы базасында өтіп, қатысушылар өз жобаларын қазылар алқасына таныстырды.
«Экология. Денсаулық» бағыты:
І орын – Досжан Рамина (Назарбаев Зияткерлік мектебі, 11-сынып) Жобасы: «JasylZhol» – экологиялық мобильді веб-платформа
ІІ орын – Арсен Құмарқан, Нұржан Құлжан (#1 Білім-инновация лицей-интернаты, 10-сынып) Жобасы: «Qamqor» – медициналық триаж және навигацияның ИИ-экожүйесі
ІІІ орын – Зинолла Ахмеди Нұрболатұлы (Атырау қаласындағы ЖМБ бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) Жобасы: Атырау облысының өзендері мен су қоймаларын пластикалық қалдықтардан тазалау қондырғысы
«Әлеуметтік жобалар. Өнертабыс» бағыты:
І орын – Амангелдин Имаш, Меңдібай Алихан (#1 Білім-инновация лицейі, 10-сынып) Жобасы: «SmartSight Cap» – көру қабілеті шектеулі жандарға арналған кедергілерді анықтайтын құрылғы
ІІ орын – Бериков Бексұлтан Берікұлы (О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі) Жобасы: Электрлік жүк арба ІІІ орын – Абзалқызы Кәусар, Қали Айнұр (#3 Білім-инновация лицейі, 10-сынып) Жобасы: «ECO-VEST» «SMART қала / SMART ауыл» бағыты:
І орын – Құрмет Алмиражан Мұратқызы (Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, 8-сынып) Жобасы: «Гидроэнергетика – жасыл экономиканың негізі»
ІІ орын – Сенебай Гауһар (Жылыой ауданы, №5 Абай атындағы ЖОББМ, 10-сынып) Жобасы: «Smart Bio-Composter»
ІІІ орын – Айкөркем Жұмабергенқызы, Амалбай Айзере (Жылыой ауданы, №10 Амангелді атындағы ЖОББМ) Жобасы: «Цифрлық ауыл: қарапайым өмірден – ақылды өмірге» «Инновациялық стартап» бағыты:
І орын – Мерекеқызы Айша, Ғабдыжан Бибінұр (#3 Білім-инновация лицей-интернаты) Жобасы: «Angel Band»
ІІ орын – Темір Алихан, Қайса Бейбарыс (Атырау қаласындағы ЖМБ бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 10-сынып)
ІІІ орын – Жомартқызы Іңкәр, Малик Хадиджа (#3 Білім-инновация лицей-интернаты, 10-сынып) Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша үздік жобаларға қаржылай қолдау көрсетілді.
Аталған жоба байқауы – жас буынның инновациялық ойлау қабілетін дамытып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын тың бастамаларды анықтауға бағытталған маңызды алаң болды.