
ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылған дәстүрлі жаңа жылдық шырша өңірдегі балалар үшін ерекше мерекелік шараға айналды. Оған әлеуметтік қолдауды қажет ететін, сондай-ақ оқу мен шығармашылықта жетістікке жеткен үздік оқушылар қатысты.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол Мемлекет басшысының жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізіп, жаңа жылдың әр балаға қуаныш, денсаулық және сәттілік әкелуін тіледі.
Шара аясында ерекше жетістіктерімен көзге түскен және әлеуметтік қолдауды қажет ететін 16 балаға арнайы сертификат және барлық қатысушыға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
Мерекелік бағдарлама концерттік қойылымдармен жалғасып, балалар ән айтып, би билеп, түрлі сахналық көріністер ұсынды. Шыршаны айнала ұйымдастырылған ойындар мен билер балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.