Оқушылар жол зертханасының жұмысымен танысты

Оқушылар жол зертханасының жұмысымен танысты

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалында Білім-инновация лицейі-2 оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Жоғары сынып оқушылары жол зертханасының күнделікті жұмысымен танысып, жол құрылысында қолданылатын материалдардың сапасы қалай тексерілетінін өз көздерімен көрді. Мамандар оларға зертхананың құрал-жабдықтарын көрсетіп, жолдың мықты әрі қауіпсіз болуы үшін қандай өлшемдер ескерілетінін жан-жақты түсіндірді.

"Қазір елімізге жол құрылысы саласының білікті мамандары ауадай қажет. Инфрақұрылымның дамуы, сапалы жолдардың салынуы — болашақ инженерлер мен зертханашылардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Сол себепті осындай іс-шаралар жас буынның мамандыққа деген ынтасын оятып, дұрыс бағыт таңдауға мүмкіндік береді деген ойдамыз, деді филиал директоры Аслан Дюсенов.

Шара соңында белсенділік танытқан оқушыларға мекеме атынан естелік сыйлықтар берілді.