
Атыраулық бір топ педагог марапат иеленді. Білім беру басқармасының басшысы Марат Абуов білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан ұстаздармен кездесіп, оларға ұрпақ тәрбиесіндегі адал еңбектері үшін алғысын білдірді. "Білім саласында ерекше еңбегімен танылған әр ұстаздың қызметі бағалануы – ұрпақ тәрбиесіне, білім сапасына қосылған үлестің айғағы" дей келе, Бақытгүл Нұғыманованы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Ал, 9 педагогке ҚР Оқу ағарту министрлігінің "Білім беру ісінің Құрметті қызметкері" төс белгісін табыстады. Олар - Ақбөбек Мамаева, Орынша Дилмукашева, Роза Едишева, Маржангүл Абулхайырова, Гүлмира Қайырғалиева, Гүлбаршын Кенжеғалиева, Алия Искакова, Тлекши Медеугалиева, Марал Сарсенгалиева. "Ұстаздық — тек кәсіп емес, жүректен шыққан қызмет. Әр ұстаздың еңбегі – ұрпақ тәрбиесіне қосылған өлшеусіз үлес. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз қоғамымыздың жарқын болашағын қалыптастырады" деді М.Абуов.