С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге басқарма басшысы Марат Абуов, облыс прокурорының аға көмекшісі Оралбек Хамитов және №2 Атырау қалалық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары Талғат Сисенғали қатысты.
Жиында студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері сөз болды. Спикерлер жастарға заң талаптарын сақтау, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және құқықтық нормаларды бұзудың салдары туралы кеңінен түсіндірді.
Басқарма басшысы өз сөзінде жастарды ел заңдарын құрметтеуге, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға шақырды. Ал прокуратура және полиция өкілдері студенттерге құқықтық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтіп, тәртіп бұзушылық әрекеттердің зиянын, соңы өкінішке ұласатынын жеткізді.
Айта кетейік, кездесу Атырау бизнес және құқық, сондай ақ, Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледждерінде жалғасын тапты.
