Балалар - таза Қазақстан үшін!

Балалар - таза Қазақстан үшін!

Атырау облыстық білім беру басқармасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар «Балалар – Таза Қазақстан үшін!» қағидаты негізінде жүргізіліп келеді. Басты мақсат – білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жас ұрпақты табиғатты аялауға және тазалыққа тәрбиелеу.

Атырау облыстық Білім берубасқармасының бас аманы Қадыржан Сапаровтың айтуынша, бүгінде облыстағы 8 мектепке дейінгі мекеме «Жасыл балабақша» бағытымен жұмыс істесе, 4 білім ордасында жылыжай бар. Өткен оқу жылында өңір мектептерінде 200-ден астам жасыл клуб құрылып, оған 19 мыңнан астам оқушы тартылған. Сонымен қатар 11 мың ата-ана мен 6 мың педагогтің қатысуымен 681 іс-шара ұйымдастырылып, экологиялық челлендждерге қатысқан түлектер үш мыңнан астам көшет отырғызған.

Қосымша білім беру саласы да экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқаруда. Қазір облыс оқушыларының 55 пайызы, яғни 83 мыңға жуық бала түрлі үйірмеге қатысады. Оның ішінде табиғатты қорғау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған үйірмелерге ерекше назар аударылған.

–Бес мыңнан астам бала қатысатын жас натуралистер мен жас туристер станциялары белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ 25 мыңнан астам оқушы волонтерлік бастамалар арқылы табиғатты қорғау және қоғамға пайда келтіру ісіне өз үлесін қосып жүр. Жазғы демалыс кезінде 134 мыңнан астам бала тынығып, тәрбиелік және экологиялық бағыттағы жобаларға қатысты. Оқушылардың экологиялық байқаулар мен форумдарға қатысу белсенділігі де жылдан-жылға артып келеді, — деді Қ.Сапаров.

Оның айтынша, дәстүрлі түрде өтетін «Табиғатты аяла» облыстық форумы мен «PRO Eco», «Мен зерттеушімін» байқауларына биыл 1 мыңға жуық бала қатысқан. Ал 21 сәуірде Астанада өткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Х.Ерғалиев атындағы №35 орта мектеп-гимназиясының IV сынып оқушысының «Суды үнемде, болашақты сақта!» атты суреті Мемлекет басшысына таныстырылып, жоғары бағаға ие болды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқушылар мен педагогтер табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын жете түсініп, мектеп аумақтарын көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәдениетін дамытып келеді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы Президенттің тапсырмасымен әзірленіп, бүгінде барлық білім беру мекемесінде жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасында өз жалғасын табуда. осыны дұрыстап орысшаға аударшы