Мектеп басшылары заманауи басқару дағдыларын меңгерді

Мектеп басшылары заманауи басқару дағдыларын меңгерді

 Атырауда облыстың  білім беру бөлімдері мен мектеп директорларына арналған оқыту тренингі өтті.  150 педагогтың басын қосқан іс-шараны «El Umiti» корпоративтік қоры Атырау облыстық Білім беру  басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. 

Шараның басты мақсаты – мектеп басшыларының заманауи басқару, командамен жұмыс істеу және оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытындағы құзыреттерін арттыру. Бағдарлама аясында қатысушыларға «El Umiti» қорының білім беру жобалары таныстырылып, «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Сондай-ақ, «Smart Ustaz», «Qabilet» және «Aitys» жобалары аясында басқару дағдылары, оқушылардың қабілетін диагностикалау және айтыс өнері бойынша тәжірибелік тренингтер өткізілді.

«El Umiti» қоры 2019 жылдан бері білім беру саласында тұрақты жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында «Мың бала» олимпиадасы, «Smart Ustaz» онлайн-платформасы, «Qabilet» қабілетті анықтау қызметі, «Айтыс» жобасы және басқа да білім беру бастамалары бар.

Атырау облысында «Qabilet» жобасы 2021 жылдан бастап табысты іске асырылып жатыр. Қазір өңірдегі 1 688 оқушы қабілет диагностикасынан өтті, ал 245 педагог Smart Ustaz платформасында тіркелген. Бұл бастамалар педагогтердің кәсіби дамуына, аймақтағы білім сапасын арттыруға және оқушылардың қабілеттерін ерте анықтап дамытуға бағытталған.