Атырау облысының 2025-2026 оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін білім беру гранттары

Атырау облысының 2025-2026  оқу жылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін білім беру гранттары

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар және Атырау облысының тұрғындары!

Атырау облысы әкімдігі 2025–2026 оқу жылына арналған жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттарына құжат қабылдау басталғанын хабарлайды.

Гранттар жергілікті жерлердегі кадр тапшылығын жою мақсатында төмендегі мамандықтар бойынша бөлінеді:

Педагогика

Медицина

Құрылыс

Дін

Мәдениет

Орман шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы

Ескерту: Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің
білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсетін тұлғалар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін шығармашылық емтиханды өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда тапсырады.

📅 Құжаттар қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 5–10 тамызы аралығы
 Құжаттар eatyrau.kz порталы арқылы онлайн қабылданады.

 Грант иегерлерінің тізімі:
2025 жылдың 25 тамызына дейін Атырау облысы Білім басқармасының ресми сайттарында жарияланады.