27 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына сәйкес «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» тақырыбында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күн «Балалар үні» деп аталып, балалардың қауіпсіздігіне, құқықтарының қорғалуына және олардың қоғамдағы орнын нығайтуға арналды.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыру, олардың құқықтарын қорғау, балалар мен ересектер арасында ашық диалог орнату және қоғам назарын бала қауіпсіздігіне аудару. Сонымен қатар, балалардың өзекті мәселелерін көтеруге, олардың пікірін тыңдауға мүмкіндік беру де күн тәртібіндегі басты бағыттардың бірі болды.
Сәрсембаева Айжан Махсұтқызы – Атырау облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, Атырау қалалық мәслихатының депутаты;
Абдуллин Бағдат Исатайұлы – Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы;
Сәриев Сұлтангелді Серікұлы – «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық қорының оңалту бөлімінің басшысы;
Түсіпова Медина Арманқызы – Атырау қаласы №37 С. Зиманов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы, балалар омбудсмені;
Өмірзақ Нұрасыл Дидарбекұлы – Құрманғазы ауданы М. Әуезов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы, балалар омбудсмені.
Іс-шара барысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау, мектеп пен қоғамдағы қауіпсіздік шаралары, отбасындағы тәрбие және балаларды деструктивті идеологиялардан қорғау бағытында мазмұнды баяндамалар жасап, маңызды пікірлер айтты.
Сонымен қатар, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың пікірін тыңдау – қоғамның басты міндеттерінің бірі екені айтылды.
Әр баланың амандығы – елдің амандығы, әр баланың күлкісі – ел ертеңінің кепілі!