Ауыл шаруашылығы санағы бойынша комиссия отырысы өтті

Ауыл шаруашылығы санағы бойынша комиссия отырысы өтті
7 ақпан күні Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің төрағалығымен өңірдегі 2025 жылғы Ұлттық Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
 
Комиссия отырысы барысында ағымдағы жылы облыс бойынша ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу мәселелері талқыланып, комиссия құрамындағы басқарма басшылары мен аудан әкімдіктеріне хаттамалық тапсырмалар берілді. Айта кетейік, ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткен жылы пилоттық режимде өткізілген болса, биылғы жылы негізгі түрде жүргізілетін болады.