Е.Тасжүреков: Баға бақылауда болады

Е.Тасжүреков: Баға бақылауда болады
 
Атырау облысы әлі де болса табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің қатарында.
Осыған байланысты, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өңірге жасаған жұмыс сапары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорындағы өнім қорын қадағалады.
 
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ, вице-министр қазіргідей сын сағатта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағадан негізсіз көтерілмеуін басты назарда ұстауды міндеттеді.
 
Айта кету керек, Атырау облысындағы тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері жеткілікті. Сондай-ақ, өңірдегі төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын заңсыз өсіру деректері анықталған жағдайда, заң шеңберінде тиісті іс-шаралар қабылданатынын ескертеміз.