2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отының жеткізу жұмыстары

2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отының жеткізу жұмыстары
 
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидасы негізінде, Атырау Мұнай өңдеу зауытынан облысқа 2024 жылғы көктемгі далалық жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу жұмыстарын ұсынады.
 
Бөлінген дизель отынының жалпы көлемі – 132,1556 тонна. Зауыттан жіберу бағасы сәуір айына – 250 000 теңге/тоннасына.
 
Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 4 – 5 сәуір аралығында сағат 09:00 ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.
 
Құжаттарды қабылдауды аяқтау уақыты 5 сәуір сағат 18:00.