Ауылдық округтегі шаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңес өтті

Ауылдық округтегі шаруашылық құрылымдары мен кәсіпкерлерге арналған семинар-кеңес өтті
 
Бүгін Атырау қаласы аумағындағы ауылдық округтегі шаруашылық құрылымдар мен кәсіркерлер үшін арнайы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын түсіндіру мақсатында Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарына арналған кездесу бағытындағы семинар-кеңес өтті.
 
Кездесуге Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары және басқа да сала мамандары қатысты.
Жалпы жиында жас кәсіпкерлерге және жаңадан кәсіп ашуға ниетті округ тұрғындарына мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен жеңілдетілген несиелер, сондай-ақ субсидиялар туралы толық ақпараттар берілді.