Су жеткізу қызметі құнын субсидиялау

Су жеткізу қызметі құнын субсидиялау

Хабарландыру

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы №6-3/597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 185 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын басшылыққа ала отырып, облыстың су жеткізушілер қызметін тұтынатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне:

Су жеткізу қызметі құнын субсидиялау ағымдағы жылдың 3 мамыр 30 қараша айлары аралығында  жүзеге асырылатынын және субсидия төленуі үшін, әр айдың  20 бастап субсидиялауға байланысты өтінімдер www.Qoldau.kz электронды веб-порталы арқылы тапсырылуы тиістілігін хабарлайды.