Ағымдағы жылдың ақпан айының 10-11 жұлдызында Астрахань облысы бойынша "Россельхоз центр" мекемесінің арнайы шақыртуымен облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының тапсырмасымен құрамында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, облыста егінмен айналысатын шаруа қожалық жетекшілері бар делегацияны жылда өткізілетін "Тұқым, өсімдік қорғау құралдары, агротехнология. Астрахань—2021" семинар—конференциясы өтті.

Ағымдағы жылдың ақпан айының 10-11 жұлдызында Астрахань облысы бойынша "Россельхоз центр" мекемесінің арнайы шақыртуымен облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлының тапсырмасымен құрамында облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, аудан әкімдіктерінің өкілдері, облыста егінмен айналысатын шаруа қожалық жетекшілері бар делегацияны жылда өткізілетін "Тұқым, өсімдік қорғау құралдары, агротехнология. Астрахань—2021" семинар—конференциясы өткізілді. Семинар барысында Ресей Федерациясы Астрахань облысы мен Қазақстан Республикасы Атырау облысы шекаралық аймақтарында шегіртке тұқымдас зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында "Екі жақты Келісімге" қол қойылып, 2021 жылы бірлесе атқарылатын жұмыс жоспары бекітілді.
Сапар нәтижесінде екі облыстың шаруагерлері бір-бірімен тәжірибе алмасып, кейбір шаруашылық басшылары көрші облыстан картоп, көкөніс, бақша тұқымдарын сатып алды, кейбірі тамшылатып суару әдісі бойынша, тұқым сатып алу жөнінде түрлі келісім-шарттарға отырды. Конференция барысында Астрахань Мемлекеттік Университетінің басшыларымен кездесіп, екі жақты қарым—қатынасты дамыту жөнінде келісөздер жүргізілді. Бұл дегеніміз—облыстың ауыл шаруашылығы саласына оқимын деген жас түлектеріне тағы да бір зор мүмкіндік.