Ағымдағы жылдың 24-ақпанында Ауыл шаруашылығы саласына жауапты Атырау қалалық, аудан әкімі орынбасарларының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшыларының қатынасуымен "Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылды қорытындылап, 2021 жылға жұмыс жоспарын талқылау" жөнінде кеңес өтті..

Ағымдағы жылдың 24-ақпанында Ауыл шаруашылығы саласына жауапты Атырау қалалық, аудан әкімі орынбасарларының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшыларының қатынасуымен "Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылды қорытындылап, 2021 жылға жұмыс жоспарын талқылау" жөнінде кеңес өтті..
Ағымдағы жылдың 24-ақпанында Ауыл шаруашылығы саласына жауапты Атырау қалалық, аудан әкімі орынбасарларының және аудандық ауыл шаруашылығы бөлім басшыларының қатынасуымен "Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2020 жылды қорытындылап, 2021 жылға жұмыс жоспарын талқылау" жөнінде кеңес өтті. Күн тәртібінде, өңіріміздің қазіргі таңдағы суық ауа-райына байланысты малдардың бағымы, шаруа қожалықтарының жай-күйі, мал бақташыларының адасып кету қауіптілігі болмауын басты назарда ұстау керек екендігін ерекше атап көрсетілді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, инвестициялық субсидияларға өтінімнің шаруашылықтар тарапынан дұрыс жүргізілуін және оның статистика департаментінде нақты көрсетілуін шаруа қожалықтарына аудан әкімі орынбасарларымен жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы бөлім басшылары дұрыс түсінік беруін; көктемгі егіс науқанына дайындықты пысықтап, шет елдің жұмысшы күшімен қатар, жергілікті жердің адамдарын да жұмысқа тарту қажеттілігін қадағалауды; су каналдары бойынша биыл жылдың жылы ауа-райын ескеріп суды ертерек беруді қамтамасыз етуді "Казсушар" мекемесіне тапсырылды; Ветеринария басқармасымен қала, аудан әкімдіктері бірігіп жаңартылған малды бірдейлендіру базасының талапқа сай жұмыс жасауы, сойылған сатылған малдардың уақытылы дерекқор базасынан шығарылуын, сатып алынған төлдердің дерекқор базасына енгізілуін қамтамасыз ету, өз аумағындағы қабаған иттерді жою мақсатын айқындауды; аудандық жер қатынастары бөлімі арқылы пайдаланылмаған жерлерді мемлекет иелігіне қайтаруды облыстық Жер басқармасы қатаң назарға алуын және бұл жұмыстардың заңдылыққа сай жүруін; өңірдегі зиянкес жәндіктерді жою жөнінде Аумақтық инспекция бақылауға алуын, асыл тұқымды мал шаруашылықтары заңдылыққа сай есеп беруін Ауыл шаруашылығы басқармасымен Аумақтық инспекцияға қадағалау жөнінде тапсырмалар берілді. Отырыста ауыл шаруашылығына берілетін несие жөнінде ҚазАгро Финанс, Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры мекемелері түсінік берді.
Жиын барысы бойынша хаттама толтырылып, орындау барысы бақылауға қойылды. Қала аудандарда атқарылып жатқан ауыл шаруашылығы жобасын іске қосылғанша жан жақты сүйемелдеуді тапсырылды.
Қордаланған мәселелерді шешуге қала, аудан әкімдіктерімен тиесілі басқармалар бірдей жұмыстануы тиіс.