Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдау тетіктері кеңінен түсіндірілді

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдау тетіктері кеңінен түсіндірілді
12 мамыр күні облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мамандары Құрманғазы және Исатай аудандарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
 
Кездесу барысында мамандар тұрғындарға аграрлық саладағы мемлекеттік бағдарламалар, субсидиялау тетіктері, сондай-ақ кәсіп бастауға ниетті азаматтарға жеңілдетілген пайызбен несие алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
 
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы бағытында өз кәсібін дамытамын деген азаматтардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік қолдау құралдарын тиімді пайдалану бойынша кеңестер ұсынылды.
 
Айта кетейік, мұндай түсіндіру және ақпараттық жұмыстар облыстық басқарма тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп келеді.