МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАР АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША СУБСИДИЯЛАР АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларының сәйкес, төмендегі субсидиялар тізімі бойынша субсидия алуға өтінім қабылдау subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы ағымдағы жылдың 20 қаңтардан басталды(аяқталу мерзімі 20 желтоқсан);

Субсидия алуға өтінім берілген күннен бастап шаруашылықтар мәлімделген жануарлар мен құстар бастарының сақталуын АЖБ (ИСЖ) мен САТЖАҚ-та (ИАС) төмендегі мерзім ішінде қамтамасыз ету қажет:

  1) аналық мал басын өтінім берілген күннен бастап 2 жыл бойы (табиғи кему (өлу) нормасын қоспағанда);

      2) өндірушілерді (аталық)өтінім берілген күннен бастап кемінде 18 ай;

      3) құстардың ата-енелік табынын өтінім берілген күннен бастап 60 апта бойы.

Субсидиялауға қажетті құжаттар аталған субсидиялау қағидасының өтінім нысандарында бекітілген.

Егер шаруашылықтар субсидиялауға берілген өтінім шеңберінде қабылданған міндеттемені бұзғаны расталған жағдайда, әрбір сақталмаған мал басы үшін алынған субсидиялар қайтарылатындығын хабарлайды.

Субсидия алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Субсидиялау мәселесіне қатысты сұрақтар бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне немесе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Тел: 8 (7122) 35-40-73, 35-50-31)  хабарласуға болады.

Субсидиялау бағыттары мен нормативтерінің тізбесі

 

Р/с №

Субсидиялар түрлері

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа сатып алу

Сатып алынған бас

260 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

Сатып алынған бас

 

 

2.1

Отандық

260 000

2.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген

390 000

2.3

Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген

525 000

3.

Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың төлін өсіру шығындарын арзандату

Бас

15 000

4.

Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ірі қара малдың еркек дарағының (оның ішінде сүтті немесе сүтті-етті еркек дарақтар) құнын арзандату

Тірі салмақтың килограмы

300

5.

Ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеу кәсіпорындарының сиыр етін өткізу құнын арзандату

Сатылған сиыр етінің килограмы

175

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

Сатып алынған бас

 

 

1.1

Отандық

350 000

1.2

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, Украинадан әкелінген

390 000

1.3

Австралиядан, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінен, Еуропа елдерінен әкелінген

700 000

2.

Сүт өндірісінің құнын арзандату

Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм

 

 

2.1

600 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар

45

2.2

400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар

30

2.3

Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар

20

2.4

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі

Өңдеу кәсіпорнына немесе цехына өткізілген килограмм

20

3.

Ірі қара мал эмбриондарының сатып алу құнын арзандату

Дана

80 000

Мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау

Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас

5 000

2.

Сүтті/сүтті-етті және етті/етті-сүтті бағыттардағы асыл тұқымды бұқаның ұрығын сатып алу

Сатып алынған доза

 

 

2.1

бір жынысты

10 000

2.2

екі жынысты

5 000

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу

Сатып алынған бас

600

2.

Тауық етін өндіру құнын төмендету

Өткізілген немесе өзінің өңдеу кәсіпорнына немесе цехына орны ауыстырылған килограмм

 

 

2.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

80

2.2

10 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

70

2.3

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

60

2.4

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

50

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

Сатып алынған бас

60

Қой шаруашылығы

1.

Отандық асыл тұқымды қой басын сатып алу

Сатып алынған бас

26 000

2.

Импортталған асыл тұқымды аналық қой басын сатып алу

52 000

3.

Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

260 000

4.

Асыл тұқымды ұсақ малдың төлін өсіру шығындарын арзандату

Бас

4 000

5.

Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату

Сатылған бас

3 000

5.1

Бордақылау алаңдарына бордақылауға немесе ет өңдеу кәсіпорындарына союға өткізілген ұсақ малдың еркек дарағының құнын арзандату (маусымдық жеткізілімдер)

Сатылған бас

7 000

6.

Қой эмбриондарын сатып алу құнын арзандату

Дана

80 000

7.

Асыл тұқымдық орталықтардың, асыл тұқымды жануарлардың ұрығы мен эмбриондарын өткізу жөнiндегi дистрибьютерлік орталықтардың және ұрықтандырушы-техниктердің тауар өндірушілердің және ауыл шаруашылығы кооперативтеріндегі аналық қой басын қолдан ұрықтандыру бойынша көрсеткен қызметтерінің құнын субсидиялау

Ұрықтандырылған бас/шағылыстыру маусымы

1 500

8.

Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүннің құнын арзандату

 

 

 

 

8.1.

Сапаның 60 басталатын жүн

Өткізілген килограмм

200

8.2.

Сапаның 50 басталатын жүн

Өткізілген килограмм

150

9.

Қайта өңдеуге өткізілген қылшық және жартылай қылшық жүннің құнын арзандату

Өткізілген килограмм

25

Жылқы шаруашылығы

1.

Мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу

Бас/ шағылыстыру маусымы

20 000

2.

Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

Сатып алынған бас

175 000

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу

Сатып алынған бас

175 000

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

Сатып алынған бас

100 000

2.

Ет өңдеу кәсіпорындарына немесе сою пункттеріне өткізілген немесе союға ауыстырылған шошқалардың құнын арзандату

  Бас

2 000

Өңірлердің ерекшеліктері мен мамандануын ескере отырып, ЖАО қалауы бойынша жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты есебінен

1.

Ауыл шаруашылығы жануарлары басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

Бас

ЖАО белгілейді

2.

Ешкілердің асыл тұқымды аналық басын сатып алу

Сатып алынған бас

70 000

3.

Бие сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату

Килограмм

60

4.

Түйе сүтін өндіру мен өңдеудің құнын арзандату

Килограмм

55*

5.

Бал өндірісінің құнын арзандату

Өткізілген килограмм

200