
Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында «Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» ЗТБ (бұдан әрі – ЯТҚ ҒТО) «Радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеу» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігімен екіжақты ынтымақтастық шарасында Ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшіліктің Радиологиялық қауіпсіздік офисі (ORS) мен Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен және ЯТҚ ҒТО қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының 14 өкілі қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты радиоактивті көздерді тасымалдауды жүзеге асыруға жауапты персоналды, оның ішінде жүк жөнелтушілерді, жүк алушыларды, тасымалдаушыларды және ден қою қызметтерін көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеуге дайындауға жәрдемдесу болды.
Семинар барысында қатысушылар радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы теориялық білімдерін тереңдетіп, практикалық дағдыларға ие болды. Бұл ретте ықтимал сыртқы қатерлерді және көлік қауіпсіздігі деңгейіне әсер ететін факторларды талдауға, сондай-ақ тиісті жоспарларды практикалық әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Семинарды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, радиоактивті көздерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруге және уәкілетті ұйымдардың ықтимал штаттан тыс жағдайларға ден қоюға дайындығын арттыруға ықпал етеді.
Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері қатысты, атап айтқанда:
Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.