Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік жай-күйін бағалау жөніндегі комиссия актісін ұсыну қажеттілігі туралы

Ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік жай-күйін бағалау жөніндегі комиссия актісін ұсыну қажеттілігі туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентінің 5-тарауының 213-тармағына сәйкес ядролық, радиациялық және электрлік-физикалық қондырғы (ЯРЭҚ) әкімшілігінің бұйрығымен жыл сайын (кемінде жылына бір рет) ЯРЭҚ-тағы ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік жай-күйін тексеру жөніндегі ішкі комиссия тағайындалады. Тексеру нәтижелері бойынша комиссия актісі жасалып, бекітіледі. Бекітілген актінің бір данасы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірілмей уәкілетті органға жолданады.

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы уақытқа дейін ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік жай-күйін бағалау жөніндегі комиссияның актісін ұсынбаған ұйымдарға аталған актіні ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

Комитетке мынадай құжаттарды жолдау қажет:

  • ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік жай-күйін бағалау жөніндегі комиссияның актісі;
  • Комитет Төрағасының атына жолданған ілеспе хат.

Құжаттарды Комитеттің ресми электрондық пошта мекенжайына жолдау қажет: kense@atom.gov.kz.

Сұрақтар бойынша +7 (7172) 57-16-05 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.