Алматы қаласында физикалық қорғау жүйесін басқаруды ұйымдастыру бойынша оқу курсы өтті

Алматы қаласында физикалық қорғау жүйесін басқаруды ұйымдастыру бойынша оқу курсы өтті

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қатысуымен АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігі «қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 8-19 желтоқсан аралығында Алматы қаласында «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының «Физикалық қорғау жүйесін басқаруды ұйымдастыру» бойынша оқу курсы өтті.

Оқу курсына Қазақстан Республикасының ядролық физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ядролық қондырғыларды қорғауды қамтамасыз ету міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалар қатысты.

Бұл курстың мақсаты ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы мамандарды кәсіби даярлау деңгейін арттыру, физикалық қорғаныс жүйелерінің конфигурациясын жобалау және басқару, сондай-ақ ядролық қондырғылардың физикалық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру және басқару бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру болды.

Оқытуға мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандары қатысты, атап айтқанда:

  1. Комитет;
  2. ҚР ІІМ Ұлттық ұланы;
  3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК;
  4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Ядролық физикалық институты» ШЖҚ РМК;
  5. «Үлбі металлургия зауыты» АҚ;
  6. «Ульба-ТВС» ЖШС;
  7. «Маңғыстау атомдық энергетикалық комбинаты» ЖШС;
  8. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.

Іс-шара нәтижелері бойынша қатысушыларға жоғарыда аталған оқу курсынан өткендігін растайтын халықаралық үлгідегі сертификат берілді.