
2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Агенттіктің жаңа қызметкерлері – Ғылым және инновациялар департаментінің Ғылыми-техникалық жобалар басқармасының бас консультанты Әділет Мәулиұлы Ахмет және Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас консультанты Лаура Ниязтайқызы Болатова мемлекеттік қызметшінің Антын қабылдады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Радиоактивті қалдықтар және қоршаған ортаны қорғау департаментінің Ядролық полигондар аумақтарын мониторингілеу, оңалту және су-экологиялық қауіпсіздік басқармасының қызметкері Қанат Саматұлы Тұяқбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Ғылым және инновациялар департаментінің Ғылыми-техникалық жобалар басқармасының бас консультанты Наталья Викторовна Суржикова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен наградталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу мен қалыптастырудағы отбасының рөлін мойындау белгісі ретінде Агенттік қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңында Агенттік басшылығы ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметкерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, жаңа жетістіктер мен Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыс тіледі.