
2026 жылғы 4 маусымда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпақов презентация ұсынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметке, жақын туыстардың, жұбайлардың немесе жекжаттардың бірлесіп қызмет етуіне (жұмыс істеуіне) жол бермеуге, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері мен олардың өкілеттіктеріне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жоюға жан-жақты тоқталды.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың жаңа жобасына енгізілетін өзгерістер де талқыланды.
Өз сөзінде Агенттіктің Қауіпсіздік департаментінің бас консультанты Н. Мухамбетов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелеріне және оны өткізу тәртібіне егжей-тегжейлі тоқталды.
Әдеп жөніндегі уәкіл қатысушылардың қойған сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Қатысушылар мұндай кездесулердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары туралы хабардарлық деңгейін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға оң ықпал ететінін атап өтті.