Ғылыми жетістіктерге толы 20 жыл: Астанада Ядролық физика институты филиалының мерейтойы аталып өтті

Ғылыми жетістіктерге толы 20 жыл: Астанада Ядролық физика институты филиалының мерейтойы аталып өтті

Астанада Ядролық физика институты Астана филиалының құрылғанына 20 жыл толуына орай Қазақстан Республикасындағы Біріккен ядролық зерттеулер институты (БЯЗИ) күндері аясында пленарлық отырыс өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Тимур Жантикин қатысып, Агенттік атынан мерейтой иелерін құттықтады. Ол филиалдың ядролық ғылымды дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және жоғары білікті кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Өз сөзінде Тимур Жантикин Астана филиалының жиырма жыл ішінде Қазақстан мен халықаралық ғылыми қауымдастықтың зерттеу әлеуетін тоғыстырған маңызды ғылыми орталыққа айналғанын айтты.

Салтанатты іс-шара барысында Агенттік төрағасының орынбасары атом саласын, ғылымды және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Біріккен ядролық зерттеулер институтының қызметкерлеріне «Атом саласының үздігі» ведомстволық медалін табыстады.

Сөз соңында Тимур Жантикин Астана филиалы ұжымына жаңа ғылыми жетістіктер, жобаларды табысты іске асыру, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан ғылымының игілігі жолындағы толайым табыстар тіледі.