
2026 жылғы 25 мамырда атом саласы үшін кадрларды даярлау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Ядролық энергия жөніндегі халықаралық институты (I2EN) арасында ядерлік саладағы адами әлеуетті дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты тараптардың әлеуетін біріктіру арқылы мынадай бағыттар бойынша тәжірибе алмасу болады:
1) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер;
2) кадрлар даярлау, инфрақұрылым мен адами ресурстарды дамыту, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы технологияларды тиісті түрде қолдану.
Меморандумға қол қою адами әлеуетті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, қазақстандық мамандардың ядролық білім беру және кадрларды даярлау саласындағы Француз Республикасының озық тәжірибесіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом саласын кадрлық қамтамасыз етудің тұрақты жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.
I2EN - ядролық энергетиканы жауапты дамытуға жәрдемдесу мақсатында жетекші университеттер мен инженерлік мектептерді біріктіретін француз үкіметтік бастамасы.