Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде 2025–2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдары аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға ықпал ету мақсатында ағылшын тіліндегі Speaking Club-тың кезекті отырысы “Professional Ethics” тақырыбында өтті

Іс-шара қызметкерлердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кәсіби этика қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталды.

Кездесу барысында қатысушылар кәсіби мінез-құлықтың негізгі аспектілерін, жұмыс ортасындағы жауапкершілікті, этикалық нормалар мен стандарттарды сақтау мәселелерін және олардың мемлекеттік қызмет тиімділігін арттырудағы рөлін талқылады. Сондай-ақ этикалық тұрғыдан негізделген шешім қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Speaking Club форматы қатысушыларға пікірталасқа белсенді қатысуға, ағылшын тілінде еркін сөйлеу және өз ойын дәлелді жеткізу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.