
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Électricité de France төрағасы және Бас директоры Бернард Фонтана мырзамен кездесу өткізді.
Тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Францияның бейінді ұйымдары арасында мамандар даярлау мен тәжірибе алмасуды қоса алғанда, кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық ынтымақтастықты, құзыреттерді дамытуды және халықаралық әріптестердің жобаларды іске асыруға қатысуын қоса алғанда, ұзақ мерзімді әріптестікті қалыптастыру тәсілдері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша диалогты жалғастыруға және атом саласындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтауға өзара мүдделілік расталды.