Қазақстан мен Моңғолия атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Моңғолия атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Моңғолияның Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Дамдиннямын Гонгормен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергетикасы және уран өнеркәсібі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Геологиялық барлау, уранды өндіру және өңдеу салаларындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ Моңғолияда салалық инфрақұрылымды дамыту мен кадрлар даярлау бойынша тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар серіктестікті нығайтуға және институционалдық диалогты дамытуға өзара мүдделілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен бастамаларды пысықтау туралы келісімге қол жеткізілді.