Қазақстанда шағын модульдік реакторлары бар АЭС пайдалану мүмкіндігі зерттеледі

Қазақстанда шағын модульдік реакторлары бар АЭС пайдалану мүмкіндігі зерттеледі

Стратегияны іске асыру аясында шағын модульдік реакторлардың (ШМР) ұлттық жағдайларда қолданылу мүмкіндігіне техникалық-экономикалық талдау жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте өңірлік ерекшеліктер, сенімділік талаптары және жобаның экономикалық тиімділігі ескерілетін болады.

Сондай-ақ ШМР әзірлеу және жобалау бойынша ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу көзделген.

Бұдан бөлек, ШМР орналастырудың басым аудандарын айқындау жоспарлануда. Олардың қатарында энергия тапшылығы бар өңірлер, электр желілік инфрақұрылымы әлсіз дамыған аймақтар, сондай-ақ ескірген жылу электр станцияларын алмастыру мүмкіндігі қарастырылады.