Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Вена қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі 10-шы шолу кеңесінде Ұлттық баяндамасын ұсынды

Қазақстан Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Вена қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі 10-шы шолу кеңесінде Ұлттық баяндамасын ұсынды

2026 жылғы 13–24 сәуір аралығында Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) алаңында Вена қаласында Ядролық қауіпсіздік туралы конвенция шеңберінде міндеттемелердің орындалуын қарау жөніндегі Уағдаласушы тараптардың 10-шы кеңесі өтуде.

Аталған кеңесте Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Дархан Жұматаевич Алиакпаров таныстыруда.

2026 жылғы 13 сәуірде қазақстандық тарап Ядролық қауіпсіздік туралы конвенция аясындағы міндеттемелерді орындау шеңберінде дайындалған 5-ші Ұлттық баяндаманы ұсынды. Баяндамада ұлттық ядролық инфрақұрылымның қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы өзекті ақпарат ұсынылды.

Баяндамада атом энергетикасын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстанда екі атом электр станциясын салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде ресейлік Росатом мемлекеттік корпорациясы айқындалды.

Мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері де ерекше атап өтілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі мен атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ететін Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылғаны көрсетілді. Қазақстан МАГАТЭ талаптарын қоса алғанда, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.

Кеңеске қатысу аясында қазақстандық тарап ашықтық, халықаралық ынтымақтастық және ядролық қауіпсіздік деңгейін тұрақты арттыру қағидаттарына бейілділігін растады.

Ұлттық баяндаманы ұсыну Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымды дамыту және халықаралық міндеттемелерге сәйкес реттеу жүйесін нығайту бағытындағы елеулі ілгерілеуін көрсетті.