Құрметті әріптестер, атом энергиясы саласының ардақты арулары!

Құрметті әріптестер, атом энергиясы саласының ардақты арулары!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Атом энергиясы – жоғары дәлдікті, терең білімді және айрықша жауапкершілікті талап ететін стратегиялық маңызды сала. Ел дамуы үшін осындай айрықша маңызы бар бағытта сіздер кәсібилік пен табандылықты, парасаттылық пен нәзіктікті үйлестіре отырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келесіздер.

Сіздер – тек саланың кәсіби күші ғана емес, сонымен қатар оның жүрегі мен шабыт көзісіздер. Елге адал еңбек ете отырып, әрқайсыңыз ғылым мен технологияның қыр-сырын меңгерген қызметкерсіздер және отбасыларыңызға да қамқор жансыздар.

Осы жарқын мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.
Әр күніңіз шабытқа, бастамаңыз сенімге, жетістігіңіз мақтанышқа айналсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі