Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде іскерлік әдеп пен ресми мінез- құлық қағидаларын сақтау туралы семинар өтті

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде іскерлік әдеп пен ресми мінез- құлық қағидаларын сақтау туралы семинар өтті
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша семинар өтті.
 
2026 жылғы 4 наурызда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін» тақырыбында семинар өткізілді. Кездесу барысында Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпақов презентация ұсынып, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» қызметтік әдеп стандарттарын және «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын сақтау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Баяндамашы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің» қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы баптарын түсіндірді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісі, арнайы белгіленбеген орындарда темекі шегуге тыйым салу, ұжымдағы өзара қарым-қатынас, құмар ойын орындарына барудан тартыну, өз діни сенімдерін таңбау, сондай-ақ бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері талқыланды.
 
Қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің әдептік және адамгершілік нормалар талаптары туралы хабардарлығына оң әсер ететінін атап өтті.