АЭС жобасы шеңберінде өндірісті оқшаулау жөніндегі Кешенді жоспар талқыланды

АЭС жобасы шеңберінде өндірісті оқшаулау жөніндегі Кешенді жоспар талқыланды

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы А.М. Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы аясында өндірісті оқшаулау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен кезекті кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта Агенттік АЭС салу жөніндегі стратегиялық жобаны іске асыруға жүйелі дайындық жүргізуде. Отандық кәсіпорындарды барынша тартуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Агенттік атом саласы үшін өндірісті оқшаулауды дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың жобасын әзірледі. Құжатта нормативтік базаны кезең-кезеңімен қалыптастыру, қазақстандық нарықтың мүмкіндіктерін талдау, өндірістерді жаңғырту және цифрлық шешімдерді енгізу көзделген.

Кеңес барысында Кешенді жоспардың жобасы талқыланып, сондай-ақ құжатты ведомствоаралық жұмыс шеңберінде әзірлеу барысында мемлекеттік органдар қалыптастырған тәсілдер мен ұсыныстар қаралды.