
2026 жылғы 27 ақпанда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпаков презентация ұсынып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын түсіндіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметке, жақын туыстардың, жұбайлардың немесе жекжаттардың бірлесіп қызмет етуіне (жұмыс істеуіне) жол бермеуге, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға, иеленуге, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері мен олардың өкілеттіктеріне, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын жоюға жан-жақты тоқталды.
Кездесу қорытындысы бойынша аталған тақырып аясында талқылау ұйымдастырылып, спикер семинарға қатысушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауап берді. Қатысушылар мұндай кездесулердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары туралы хабардарлықты арттыруға оң әсер ететінін атап өтті.