Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша семинар өтті

2026 жылғы 25 ақпанда Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Джалпаков таныстырылым ұсынып, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттары мен қызметтік әдеп стандарттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесін, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әлеуметтік кепілдіктерді, мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібін, қаржылық бақылау шараларын, мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті жан-жақты түсіндіріп өтті.

Кездесуге қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары туралы хабардарлығын арттыруға және әдеп нормаларын сақтауға оң әсер ететінін атап өтті.