
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Ғылыми-техникалық кеңестің (ҒТК) кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Жұмыс тобы дайындаған және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына енгізуге ұсынылатын ғылыми-техникалық тапсырмалар тізбесі қаралып, келісілді. Тізбе атом саласын дамытудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылды.
Отырысқа қатысушылар жүйелі ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру саланың орнықты дамуының, технологиялық тәуекелдерді төмендетудің және ұлттық құзыреттерді нығайтудың негізгі шарты екенін атап өтті.
Сондай-ақ атом ғылымының ғылыми-технологиялық дамуын стратегиялық жоспарлауда форсайт тәсілін қолдану мәселелері талқыланды. Баяндамамен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті сөз сөйлеп, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру шеңберінде форсайт-зерттеулерді жүргізу тәсілдерін таныстырды.
Форсайттың сараптамалық бағалауға, жаһандық технологиялық трендтерді талдауға және ел дамуының ұзақ мерзімді міндеттеріне негізделген ғылыми басымдықтарды қалыптастыру құралы екені атап өтілді. Оны қолдану стратегиялық шешімдердің үйлесімділігін қамтамасыз етуге, ресурстарды перспективалы бағыттарға шоғырландыруға және мемлекеттік ғылыми саясаттың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі форсайт-зерттеулер нәтижелерін стратегиялық жоспарлауға және атом ғылымын дамыту басымдықтарын қалыптастыруға интеграциялау бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен жүйелі өзара іс-қимылды жүзеге асыратын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша ҒТК-ның Қазақстан Республикасында атом ғылымын дамытудың келісілген әрі ғылыми негізделген күн тәртібін қалыптастыруға бағытталғаны расталды.