Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру мәселелері бойынша есебін тыңдады

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уранның минералдық-шикізат базасын толықтыру мәселелері бойынша есебін тыңдады

Астана, 2026 жылғы 11 ақпан. Кездесу барысында тараптар ресурстық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылап, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді қарастырды.

 Алмасадам Сәтқалиев басым бағыттарды айқындады: қорларды толықтыру және игеру үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның баяндамасында учаскелер бойынша қорларды ұлғайтудың күтілетін көрсеткіштері ұсынылып, алдағы геологиялық барлау жұмыстарына жоспарланған шығындар көрсетілді. Агенттік төрағасы ресурстық базаны жүйелі түрде ұлғайту Қазақстан атом энергетикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін отандық уран шикізатымен қамтамасыз етудің кепілі екенін атап өтті.

 Операциялық қызмет бөлігінде тұрақтылыққа баса назар аударылады. Қатысушылар өндірістік көрсеткіштердің орындалуын және проблемалық мәселелерді нивелирлеу шараларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану және геологиялық барлау жұмыстарының қарқынын жеделдету бойынша нақты тапсырмалар берді.