Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы құрылды

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы құрылды

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік өңіраралық инспекциясы құрылды.

Аумақтық бөлімше құру атом энергиясын пайдалану саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыру жағдайында ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің ұлттық инфрақұрылымын дәйекті нығайтудың бөлігі болып табылады, сондай-ақ елдің оңтүстік өңірлерінде мемлекеттік бақылаудың тұрақты болуын қамтамасыз етуге және қабылданатын шешімдердің жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама: Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде атом саласы үшін маңызды ресурстар шоғырланған, мысалы, ірі уран кен орындары және уран өндіру кәсіпорындары – Қазақстанға табиғи уранның әлемдік нарығында көшбасшылықты қамтамасыз ететін стратегиялық ресурс.

Бұдан басқа, Алматы қаласының маңында ядролық физика, радиациялық зерттеулер және медицинада, өнеркәсіпте және ғылымда ядролық білімді қолдану технологияларын әзірлеу саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу алаңы болып табылатын Ядролық физика институты жұмыс істейді.

Инспекция Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, лицензиялық талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, тексерулер жүргізеді және өз құзыреті шегінде ден қою шараларын қабылдайды.

Инспекцияны құру тәуекелдердің алдын алуға және қауіпсіздік талаптарының сөзсіз сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік бақылаудың күшейтілген моделіне көшуді бекітеді.

Оңтүстік өңіраралық инспекция жұмысының басым бағыттарының бірі атом электр станциясын салу жобасын іске асыру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау болады. Инспекция жобалық шешімдердің ұлттық заңнамаға және ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, бақылау және қадағалау функциялары тұрғысынан жобаны барлық кезеңдерде сүйемелдейтін болады.