ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрлық ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрлық ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласындағы цифрлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау мақсатында жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу аясында жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығын, тиімділігін және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға арналған негізгі цифрлық құрал – Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы таныстырылды. Платформа мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларды бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіріп, сала қатысушыларының толық электрондық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында платформаны уран саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар деректер мен цифрлық сервистерді интеграциялау перспективаларын қолжетімділікті арттыру мақсатында талқылады.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ саланы цифрлық трансформациялау және жер қойнауын басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігімен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс Қазақстан Республикасында цифрлық жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға ықпал ететініне сенім білдірді.