
19 желтоқсанда Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыс» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлан Джалпақов деструктивті діни ағымдар туралы презентация ұсынып, сондай-ақ осы тақырыпта белгілі теологтардың қатысуымен түсірілген бейнероликті көрсетті.
Семинарда іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын-сауық құмарханаларына барудан бас тарту, өз діни көзқарастарын таңбау, бағынысты қызметкерлерді деструктивті діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде пайда болмау, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық емес мақсатта тұтынбау, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқармау, әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалауға жол бермеу мәселелері де қамтылды.
Кездесу қорытындысында көрсетілген материал бойынша сындарлы талқылау өтті, Әдеп жөніндегі уәкіл семинарға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға түсіндірме жауаптар беріп, Egov mobile қосымшасында құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеу сервисін қалай пайдалану керектігін түсіндірді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және қоғамдық орындарда мінез-құлыққа қойылатын шектеулер мен қағидаларды сақтаудың қажеттілігін атап өтті.