«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дебат турнирі өтті

«Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дебат турнирі өтті

2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы аясында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде  мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дебат турнирі өтті.

Турнирге Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Ұлы ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» философиялық ұғымдарын, оның «Қара сөздерінде» көрсетілген тағылымдарын қызығушылықпен талқылады.

Барлығы бір пікірге келді: бұл ұғымдар заманауи мемлекеттік қызметші үшін аса қажет, тек ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек арқылы ғана халқына қызмет ету жолында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.