Агенттікте студенттер мен жас мамандармен кездесу өтті

Агенттікте студенттер мен жас мамандармен кездесу өтті

2025 жылғы 28 қарашада «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы аясында, жастар арасында патриоттық ұстанымдарды және мемлекеттік қызметтің ерте кәсіби бағдарлау шеңберіндегі ерекшеліктерін насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде  Еуразия ұлттық университетінің магистратура және докторантура тыңдаушылары мен студенттері үшін «Ашық есік күні» шарасы өтті.

Кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Джалпақов Нұрлан Нұрхасинұлы мемлекеттік қызметші мамандыңғын танымал ету бойынша шақырылғандармен дәріс өткізді. Ол болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін адалдық, шыншылдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану сияқты қасиеттерді дамыту қажеттігін атап өтті.

РМК «Ядролық физика институты» филиалы директорының орынбасары Азамбаев Серік Болатұлы қатысушыларға саладағы өндірістік жобалар туралы ақпарат ұсынып, атом энергиясын дамытудың перспективалары жөнінде баяндады.

«Мемлекеттік қызметтің ардагері» медалінің иегері, Агенттіктің Бюджет және қаржылық рәсімдер департаменті директорының орынбасары Байгожина Жанар Аманжолқызы өздерінің бай кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мемлекетті дамытуға мемлекеттік қызметшілердің қосып отырған үлесі туралы айтып, жас буынға өзінің өсиеттері мен тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Агенттіктің салалық бөлімшелерінің өкілдері мазмұнды дәріс өткізіп, жұмыс бағыттары туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ жас мамандарды даярлау мен кәсіби өсудің мүмкіндіктерін атап өтті.

Қорытындылай келе, Агенттік қызметкерлері өткізілген мазмұнды әрі танымдық кездесудің өскелең ұрпақты дамытуға және атом саласының жас мамандарын қалыптастыруға одан әрі серпін беретіндігіне сенім білдірді.