
2025 жылғы 25 қарашада 2025-2027 жылдарға арналған «Адал Азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және қасиеттерін ілгерлету жөніндегі жол картасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік органда темекі шегуге қарсы күрес туралы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізді.
Семинар материалдарында классикалық және электронды темекі шегудің зияны туралы аспектілер атап өтілді, мемлекеттік қызметшілердің салауатты өмір салтын ұстануының негізгі артықшылықтары анықталды, сондай-ақ қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының этикалық нормаларының талаптары қозғалды.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде салауатты өмір салтының деңгейін арттыруға ықпал етеді.